«Шығын – 795 млн теңге»: Қостанайлық кәсіпкер сазды ұрлап, заңсыз сатқан

Бүгін, 11:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының прокуратурасы Арқалық кен орнының аумағында техногендік минералды түзілімдерді ұрлау және сату фактісі бойынша Қостанай облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін  жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында 2024 жылғы қазан мен 2025 жылғы тамыз аралығында күдіктінің тиісті лицензиясы болмай, өзіне тиесілі ЖШС арқылы әрекет ете отырып, мемлекетке тиесілі сазды заңсыз алып қоюды жүзеге асырғаны, кейіннен заңды шикізат түрінде елдің оңтүстік облыстарының кәсіпорындарына заңсыз сатқаны анықталды.

Қылмыстық әрекетті жасыру үшін ол ұрланған шикізатты әкелген Арқалық қ. өнеркәсіптік аймағында теміржол тұйығын жалға алды.

Ұрланған шикізаттың шығу тегіне заңды көрініс беру мақсатымен 8 мың сазды басқа ЖШС-мен сатып алу туралы жалған шарт жасасты, оның туысы оны іс жүзінде сатып алмаса да, оның жетекшісі болды.

Заңсыз әкетілген минералды түзілімдердің жалпы көлемі 15 мың тоннадан асты.

Аталған әрекеттермен мемлекетке 795 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚК 188- б. 4-б. 3)т. (аса ірі мөлшердегі ұрлық ), ҚК 214-б. 2-б. 2)т.(аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру), ҚК 218–б. 2-б. 3)т. (өзінің қызметтік жағдайын пайдалану арқылы, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша сараланды.

Баптардың санкциялары мүлкі тәркіленіп, он жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

Тэгтер:

Қостанай кәсіпкер саз