"Опасыздықтың бір түрі": Түркия соты басқа әйелдерге "лайк" басқан ер адамға жаза кесті

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Түркияда бұрын-соңды болмаған сот шешімі қабылданды. Әлеуметтік желідегі «лайктар» ресми түрде «опасыздықтың бір түрі» деп танылды. Жоғарғы сот ер адамның басқа әйелдердің фотоларына лайк басуын отбасылық сенімді бұзатын әрекет деп бағалап, оны бұрынғы жұбайына ірі көлемде өтемақы төлеуге міндеттеді. Шешім бойынша ер адам 500 мың лира көлемінде тәлкеп жиынтық өтемақы және ай сайын 1000 лира алимент төлеуге тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz haberturk.com-ға сілтеме жасап.

Іс Кайсери қаласында басталды. Жұбайлар H.B. мен S.B. бір-біріне қарсы ажырасу туралы талап түсірген. Әйел өз өтінішінде күйеуінің өзін кемсіткенін, қаржылық қолдау көрсетпегенін, әлеуметтік желіде басқа әйелдердің суреттерін тұрақты түрде лайктап, адалдық міндеттемесін бұзғанын айтқан. Ол күйеуінен 5 мың лира көлемінде алимент және 500 мың лира өтемақы талап еткен.

Күйеуі болса, керісінше, әйелін кінәлап, оның әкесіне тіл тигізгенін, өзі тым қызғаншақ болғанын, тіпті оның фотоларына жағымсыз пікірлер жазғанын мәлімдеген.

Бірінші инстанциядағы сот ер адамды кінәлі деп танып, әйелге 40 мың лира материалдық, 40 мың лира моральдық шығын тағайындады. Сонымен қатар әйелге уақытша және тұрақты алимент бекітілді.

Ер адам апелляцияға жүгінгенімен, аймақтық сот оның басқа әйелдердің суреттерін лайктауын «сенімді шайқалтан әрекет» ретінде бағалап, оның кінәсін толық растады. Әйелге төленетін тұрақты алимент 1000 лираға дейін көтерілді. Төлемдердің кей бөлігі 30 мың лираға дейін азайтылғанымен, ер адамның кінәсі қайта нақты бекітілді.

Ақырында іс Жоғарғы сотқа жетіп, сот алқасы бұл шешімді толық күшінде қалдырды. Осылайша әлеуметтік желідегі өзге жыныстың суреттерін лайктау Түркияда ресми түрде ажырасу кезінде ауыр кінә ретінде қарастырылатын болып бекітілді.

Бұл шешім қоғамда үлкен талқы тудырып, отбасылы адамдар әлеуметтік желідегі әрекеттеріне әлдеқайда абай болуға мәжбүр болады.

Тэгтер:

алимент Сот Түркия опасыздық лайк