Қытайда жер сілкінді

Бүгін, 11:15 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылғы 24 қарашада Астана уақытымен 7:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нақтылай кетсек, эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41,24 градусы, шығыс бойлықтың 78,84 градусы.

Магнитудасы 4,5. Энергетикалық класы K=10,7. Жер сілкінісінің ошағы 1,5 км тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта мүмкін болатын қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Тэгтер:

Қытай жер сілкінді