Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

Бүгін, 09:59 / Інжу Әлихан
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Жезқазғанда ресми түрде алғашқы Геологиялық кластер ашылды. Бұл – геологиялық барлаудың негізгі үдерістерін біралаңға тоғыстырған әлемдік деңгейдегісанаулы орталықтардың бірі. Мұнда орнатылған заманауи техникалық жабдық әлемде небары жеті орталықта ғана бар, ал кластердің өзі Орталық Азия бойынша еңауқымды әрі алғашқы нысан болып саналады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласының дамуы ел экономикасының өсуі үшін маңызды шарт екенін бірнеше рет атап өтті. Президент кен өндіру секторын басқару жүйесін жаңғыртуды және Қазақстан аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін айтарлықтай арттыруды міндеттеді.

Геологиялық кластер – Қазақстандағы осындай ауқымдағы алғашқы нысан. Оқу орталығы мен зертханалық кешеннің бір жерде орналасуы геологиялық ақпаратты жедел алуға және соның нәтижесінде барлау жүргізу барысында дереу шешім қабылдауғамүмкіндік береді.

«Біз Қазақстан геологиясын дәлірек, жедел, әрі технологиялық тұрғыдан озықететін инфрақұрылым ашып отырмыз. Бастапқы деректерді сақтау, зертханалықталдау, цифрлық өңдеу және мамандардыоқыту – осының барлығы бір алаңғабіріктірілді. Бұл – еліміздің минералдық-шикізат базасын тұрақты дамытуғақызмет ететін жаңа деңгей», – деді«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарматөрағасы Нұрахмет Нуриев ашылусалтанатында.

Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, бір топ Мәжіліс депутаты қатысты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, елімізде геологиялық кластер құру үшін берік заңнамалық негіз қалыптасып жатыр. Ол толықтай ұлттық экономиканы ілгерілетуге және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін болады.