Павлодар облысында баласын қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылды

Бүгін, 08:56 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Павлодар облысында баласын қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Полиция департаменті 220 мыңнан астам тұрғын үйді тексерген. Тексеру нәтижесінде 289 құқықбұзушы жауапқа тартылды.

"Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін 2250 павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрақты мекенжайы жоқ 499 адам ұсталып, олардың 125-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды", - дейді ведомство.

Полиция тұрмысы төмен және қолайсыз отбасыларды да тексерді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін шамамен 300 құқықбұзушы жауапқа тартылды.

"Мәселен, тұрғылықты мекенжай бойынша тексеру барысында полицейлер бір пәтерде 2019 және 2020 жылы туған кәмелетке толмаған екі бала жалғыз отырғанын анықтады. Тағы бір жағдайда пәтерде 2016, 2018 және 2024 жылы туған үш бала ересектерсіз қалған. Аналары балаларын тастап, құрбыларымен қыдыруға кеткен", - дейді полиция.

Ведомствоның мәліметінше жауапсыз ата-аналар заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылды.