Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті. Бұл туралы ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды.
Финляндия астанасы Хельсинкиде ерлер арасындағы Гран-при сайысының соңғы кезеңі аяқталды. Жапониялық Юма Кагияма жарыста жеңімпаз атанды.
Алты кезеңнің қорытындысы бойынша Гран-при финалына қатысатын алты мәнерлеп сырғанаушы анықталды. Михаил Шайдоров жалпы есепте 24 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол бесінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге жолдама алды.
Финалға шыққан мәнерлеп сырғанаушылар:
1. Никита Малинин (АҚШ) - 30 ұпай;
2. Юма Кагияма (Жапония) - 30 ұпай;
3. Шун Сато (Жапония) - 28 ұпай;
visit.kompastour.com
Перейти
4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 26 ұпай;
5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 24 ұпай;
6. Дэниэль Грассль (Италия) - 20 ұпай.