Қытайдың Гонконг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының марафоны мәресіне жетті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы 3 күнге созылған марафонда Қазақстан командасының спортшылары 5 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль иеленді.
Олардың жүлделері:
Татьяна Токарницкая (байдарка):
3400 м — 1-орын
20 км — 1-орын
500 м — 1-орын
200 м — 1-орын
Тимофей Емельянов (каноэ):
3400 м — 2-орын
16 км 800 м — 1-орын
500 м — 3-орын
200 м — 3-орын
Гонконгқа Ұлттық құрама сапында екі ескек есу шебері аттанды. Жалпы, биылғы марафонға сары құрлықтағы 13 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы жиналды.
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды.