АҚШ президенті Трамп: Ресеймен қарым-қатынас әлі жақсарады

АҚШ президенті Трамп: Ресеймен қарым-қатынас әлі жақсарады

АҚШ президенті Трамп: Ресеймен қарым-қатынас әлі жақсарады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас болашақта жақсарады деп болжайды. "АҚШ пен Ресей арасында бәрі жақсы болады. Уақыты келгенде бәрі өз орнына түседі, бейбітшілік орнайды!" деп жазды Трамп твиттерде.
Бұның алдында, сәрсенбі күні Вашингтонда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге өткізген баспасөз конференциясында Трамп Батыстың Ресеймен қарым-қатынасы жақсарғанын қалайтынын мәлімдеді. "НАТО мен біздің ел Ресеймен тіл табыса алса - жақсы болар еді. Қазір біз Ресеймен тіпті түсінісе алар емеспіз. Бәлкім біздің Ресеймен арамыз тым суып кеткен болар. Бұл ұзаққа созылып барады, әлі қалай болатынын көре жатармыз. Путин - Ресей жетекшісі. Ресей - қуатты ел. Біз өте қуатты елміз. Әрі қарай қалай болатынын көрерміз", - деп мәлімдеді Трамп.