Орал қаласындағы Самар көшесінде орналасқан екі қабатты ағаш тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде шатыр мен екінші қабаттың бір бөлігін жалын шарпыған.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің одан әрі таралуы тоқтатылып, жалынның екінші қабаттың толық аумағына және бірінші қабатқа өтіп кетуіне жол берілмеді.
ТЖМ хабарлауынша, бөлімшелер жеткенге дейін тұрғындар пәтерлерін өз бетімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.