Актер Рүстем Жаныаманов жан сырын ақтарды

Бүгін, 22:31 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актер Рүстем Жаныаманов YouTube-тағы "Мамский әңгіме" бағдарламасына қатысып, әкелік жауапкершілік, қыз баланың отбасыдағы ерекше рөлі және өз арманы туралы шынайы әңгімелеп берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сұхбат барысында ол үш ұл өсіріп отырғанын, дегенмен қыз тәрбиелеуді де жүрекпен қалайтынын айтты.

"Құдай үш ұл берді. Әрине, алдағы уақытта қызды да көрсем деген арман бар. Бір досым бар, үш қызы бар. Ол маған: "Сенде ұлдар ғана, әке болудың не екенін әлі толық сезінген жоқсың" деп айтады. Сол сөзді ойлап, қызды тәрбиелеу сезімін де білгім келеді. Бірақ кейін өзіме: "Қызым болмаса да, ертең үш келінім болады. Олар – менің қыздарым" деп жұбатамын. Сондықтан Аллаға шүкір", – деді ол.

Жаныамановтың бұл пікірлері көрермендердің де ықыласын тудырып, көпшілікті ойландырды.