«Жазаң ауырлап кетеді»: Жан Ахмадиев жас әншіні ұрып-соққан Мұқасан Шахзадаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 19:55 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғаға қатысты блогер Жан Ахмадиев танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаевқа қатаң талап қойды, деп жазады turkystan.kz.

Оның айтуынша, жарияланған видеодан кейін бірқатар өнер жұлдыздары өзімен байланысып, жазбаны өшіруді сұраған. Алайда Ахмадиев бұл ұсыныстан бас тартқанын ашық айтты.

«Кешегі жариялаған видеомнан кейін біраз әншілер хабарласып, өшіруімді өтініп жатыр. Мұқасан аға, араға адамдарды салуды тоқтатыңыз. Видеоны өшірмеймін. Себебі жәбірленушінің алдында мойнымда жауапкершілік бар. Ең дұрысы — Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жағдай ушығып, жазаңыз ауырлауы мүмкін. Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз», — деді Жан Ахмадиев.

Оқиға қоғам назарын өзіне аударып, желіде қызу талқыланып жатыр.