Шайбалы хоккейден ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін, 16:27 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Хоккей федерациясы

Қазақстандық хоккейшілер Азия чемпионатында жеңіске жетті. Шайбалы хоккейден ерлер құрамасы екі рет қатарынан Азия чемпионы атанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы Пекинде өтіп жатқан жарыстың соңғы турында Жапония командасымен кездесіп, оларды 4:3 есебімен жеңіп кетті.

Бұл матчта ұлттық құрама сапында үздік ойыншы ретінде үш ассист жасаған шабуылшы Максим Мусоров танылды. Оған қоса ол турнирдегі Қазақстан құрамасының ең құнды ойыншысы атанды.

Айта кетейік, бұған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді. Алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтты, кейін Қытайды 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Осылайша Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.