Алматыда екі қабатты қойма өртенді

Бүгін, 10:44 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Оңтүстік астанада төтенше жағдай орын алды. Қаланың Жетісу ауданында екі қабатты қойма үй-жайы өртке оранды. Оқиғаның мән-жайын ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Осы минуттарда ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласы Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қойма үй-жайында өртті сөндіріп жатыр.

Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

"Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жүргізіледі. Құтқарушылар конструкцияларды төгіп, жеке элементтерді алып тастайды, тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасайды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртті сөндіруге шамамен 80 адам мен 21 бірлік техника, сондай-ақ өрт сөндіру автопоезы жұмылдырылды.

Құтқарушылар өртті 10:00-де толығымен сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілер ғимаратты суыту және конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жалғастыруда. Оттың көршілес ғимараттарға тарау қаупі жоқ.