Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" 23 қарашаға арналған жалпы республикалық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, күндіз орталық аймақтарда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі.

Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік пен шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Елдің басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі болжанып отыр.