«Күшіктерін жіберді»: Мұқасан Шахзадаев жас әншіні аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

22 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Блогер Жан Ахмадиев Нұр-Мұқасан тобының жаңа мүшесі Ғалымжан есімді жас әншіні ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев ұрып-соққанын айтты. Ахмадиев оқиғаға қатысты видеоны да жариялады. 

Жас әншінің айтуынша, жанжал кезінде Мұқасан Шахзадаев бірнеше адаммен бірге оған қол көтеріп, соққының салдарынан түрлі дене жарақаттарын алып, мұрны мен қолы сынған.

Жан Ахмадиевтің сөзінше, Ғалымжан қазір істің әділ тергелмей, Шахзадаевтың жауапкершіліктен босап қалуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр.