«Мөлдір фильмінде кемшіліктер болғанын мойындады: Бақыт Тұрман көпшілікке үндеу жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 20:57 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелінің киносына сын айтқан Қайрат Әділгерейдің зайыбы Бақыт Тұрман өзіне Мөлдір Мұқанованың жазғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Мөлдір Мұқанова сынды дұрыс қабылдай алады. 

«Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды. Мен әрдайым шын пікірімді айтамын, сондықтан ешқандай реніш туындамайды деп сенемін. Болды, бәрі орнына қойылды», – деді Бақыт Тұрман.