Маңғыстауда түлкі оқушыларға шапқан

Бүгін, 17:44 / Нұрлан Әлинұр
Lada.kz

Бейнеу ауылында жыртқыш екі оқушыға шапқан. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.

21 қарашада ата-аналары екі баланы аудандық аурухананың травмпунктіне алып келген. Құжаттарда балаларға дала түлкісі шапты деп жазылған.

2011 жылы туған бала – оң аяғынан, 2018 жылғы бала – сол аяғынан жараланған. Дәрігерлер екеуіне де қажет екпелерді салды. Қазір балалардың жағдайы жақсы, олар үйде, дәрігерлердің бақылауында.

ECOJER қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңес төрағасы Әділбек Қозыбақов суретті қарап, бұл жануар дала түлкісінен гөрі жай ғана түлкіге көбірек ұқсайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай жыртқыш жануарлар құтыру ауруын тасымалдауы мүмкін, сондықтан оларға жақындауға болмайды.

Маманның айтуынша, жыртқыш жануарға шапса, бірден құзырлы қызметке хабарлау керек, ал тістеген жағдайда жәбірленушілердің ата-анасы секілді бірден дәрігерге қаралу қажетін қадап айтты.