Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Бүгін, 16:11 / Нұрлан Әлинұр
Gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әлия Шайзадайқызы Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлия Рүстемова 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін, І.Жүнсүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.