«Құтырғаны жақсы болды»: Танымал әзілкеш әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы айтты

Бүгін, 15:25 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Танымал әзілкеш әрі блогер Нұрмақан Мұқанұлы ақын Бақыт Беделханның әйелдер туралы айтқан сөзіне байланысты өз ойын ашық білдірді, деп жазады turkystan.kz.

Нұрмақан Мұқанұлы желіде әйелдердің қоғамдағы маңызын атап өтіп, олардың экономиканы алға сүйрейтін күш екенін айтты.

Желі белсендісі өз жазбасында:
"Қатындардың құтырғаны жақсы болды қайта. Концерт жасайсың 80-90% билетті солар алады. Кино түсірсең залды солар толтырады. Зат сатсаң бірінші клиент те, тұрақты клиент те солар. Құтырған қатын бұл маркетологтың идеясы, блогердің контенті, продюсердің бюджеті, ең бастысы еркектің мотивациясы! Әр брендтің артында бір құтырған қатын, әр істің артында «айттым ғой саған» дейтін қатын тұр. Қатындар құтырмаса экономикамыз тұралап қалатындай екен", — деп жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Беделхан берген сұхбатында «қатындардың құтырған заманы болды» деген сөзімен желіде қызу талқыға түскен болатын.