Астаналық «Барыс» өз алаңында Құрлықтық хоккей лигасы аясында уфалық «Салават Юлаевпен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алаң иелері қонақтарды 2:1 есебімен жеңді. Қазақстандық клуб осымен үшінші матчты қатарынан жеңіп, Шығыс конференциясының жетінші орнына көтерілді.
Айта кетейік, 23 қарашада «Барыс» өз алаңында омбылық «Авангардты» қабылдайды.