Вирустық инфекциялар мен тұмаумен ауырудың өршуіне орай, басқа да дистрибьютор компаниялар секілді «Медсервис Плюс» компаниясы да күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында серіктесіміз, үндінің Hetero Labs Limited өндірушісінен вирусқа қарсы «Флувир» дәрісінен қосымша 60 000 қаптама сатып алынды.
Бүгін қажетті температура режимімен жабдықталған арнаулы жүк көлігі 15 400 қаптама вирусқа қарсы дәріні, сондай-ақ қызуды түсіретін және басқа да дәрілер тиеп, Алматыдан Астанаға жетті.
Ертең дәрілер Астанадағы қоймадан елордадағы MSP, Pharmacom және басқа дәріханаларға жеткізіледі.
Бүгін Алматыдан вирусқа қарсы дәрілердің қосымша партиясын тиеген жүк көлігі Алматыдан Қарағанды, Петропавл және Қостанай қалаларына жолға шығады.
Қосымша вирусқа қарсы дәрілердің бағасы өзгермегенін және баға белгілі бір шек шеңберінде.
Қазіргі сәтте «Медсервис Плюс» компаниясы бүкіл ел көлемінде 5 800-ден астам клиентке қызмет көрсетеді, олардың арасында дәріханалар, клиникалар мен мемлекеттік ұйымдар, соның ішінде дәріхана желілері мен медицина мекемелері де бар.
Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тапсырыс беретін онлайн платформа, жедел желі, кері байланысты жинақтау жүйесі сияқты цифрлық сервистер енгізілген. Тұрақты түрде әлеуметтік сұрау салу мен кеңес беру, жаңалықтар, акциялар мен жаңа өнімдер туралы хабарлап отыру қарастырылған.
Орталықтандырылған логистика, дамыған филиалдар желісі мен цифрлық шешімдердің арқасында компания дәрі-дәрмекті үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етіп, соның ішінде инфрақұрылымы шектеулі өңірлерді де қамтып отыр.