Ақтөбе тұрғыны әйелін қала сыртына алып шығып, өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбеде тұратын 40 жастағы Аманжол мен оның жары Гүлжахан таңғы сағат 10-да үйлерінен шығып, автокөлікпен кетіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кейінірек олардың өлі табылғаны белгілі болды. Әлеуметтік желілердегі жазбаларда желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың артында бес баласы қалғанын айтып жатыр.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қала сыртында 43 жастағы әйелдің денесі табылған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

«Одан әрі жүргізілген шаралар барысында оның жұбайының да мәйіті асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, қажетті іс жүргізу әрекеттері, аумақты қарау және дәлелдерді жинау жүргізілуде. Болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.

Полицияның нақтылауынша, әйелді күйеуі өлтірген, содан кейін өзіне қол жұмсаған.

Тэгтер:

қылмыс Ақтөбе ерлі-зайыпты суицид