Батыс Қазақстан облысы полиция Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент қызды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеке тексеру кезінде қыздардың бірінің сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат салынған 25 түйіншек табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бұл қылмысты бірлесіп жасаған және осылайша жеңіл табыс табуды көздеген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпас екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер жасөспірімдердің өмірін құртып қана қоймай, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді.