Қазақстан мен Армения жасанды интеллект және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасады – Тоқаев

Бүгін, 15:20 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Армения жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келісті.

Президент цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.

– Қазақстанда цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Армения ІТ-технологиялар мен стартап экожүйесінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бұл – екі елдің экономикасын дамытуға тың серпін беретін маңызды сала. Осы орайда, жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келістік, бұл бағытта бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне тоқталдық. Премьер-министр Пашинян мырза аймақтағы ең ірі IT стартап паркі – Astana Hub және Alem.ai жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады. Келесі жылы Alem.ai негізінде Арменияның TUMO Astana халықаралық білім беру орталығы ашылады, – деді Мемлекет басшысы.

Тэгтер:

Келіссөз Армения Никол Пашинян