Биыл қарашада Әзербайжан арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы тоннасы жеткізілді

Бүгін, 15:17 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Армения Премьер-министрімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.