Ресей Киевте өтетін "Еуровидение 2017" байқауына қатысудан бас тартты
Ресей Киевте өтетін "Еуровидение 2017" байқауына қатысудан бас тартты
"Еуровидение" Еуропалық хабар тарату одағы Ресей 2017 жылғы халықаралық ән байқауына қатыса алмайды деп хабарлады. Бұл жөнінде "Еуровидение" ән байқауын ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесінде айтылған.
Онда ресейлік әнші Юлия Самойлованы Украинаға кіруге тыйым салғаннан кейін, Еуропалық хабар тарату одағы Ресейге екі балама ұсынған. Біріншісі — байқауға қашықтықтан қатысу, екіншісі — өзге үміткерді жіберу. Екі ұсынысты да "Первый канал" қабылдамай, байқауды таратудан бас тартқан. Бұл Ресейдің осы жылы "Евровидение" ән байқауына қатыса алмайтынын білдіреді.
Осыған дейін Ресей халықаралық байқауға қатысу үшін әнші Юлия Самойлованы "Flame is Burning" әнімен таңдап алған. Ол бала кезде екпе дұрыс салынбағандықтан, арбаға таңылған.
22 наурызда Украинаның қауіпсіздік қызметі әншіні еліне келуге үш жылға тыйым салған. Себебі ол Украина заңын бұзып, 2015 жылы аннексияланған Қырымда концерт қойған. "Еуровидение" байқауының ұйымдастырушылары Украинаның шешіміне көңілі толмайтындарын айтқан. Кремль бұл шешімді саясиланған деп атаған.