Алматы – Өскемен тасжолында 4 көлік апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Бүгін, 11:58 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматы – Өскемен автожолының 94-шақырымында төрт автокөлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, Changan автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қатар бағытта келе жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.

Соққының әсерінен көлік жол шетіне шыққан. Артынша Changan-ға Toyota Estima соғылып, инерциямен жол жиегінде тұрған тіркемеге барып соқтығысқан. Соққыдан Changan көлігінің қозғалтқышы қарсы бағытқа ұшып өтіп, Ford Focus көлігін зақымдаған. Changan жолаушылары оқиға орнында көз жұмды.

Бұл көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісін түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізді. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

 

Тэгтер:

Жол апаты Алматы автожол тасжол Өскемен