22 қарашадан бастап Астанада №82 жаңа автобус маршруты іске қосылады. Қоғамдық көлік «Орда базар» – «Зерде мектебі» бағытында жүреді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маршрут «Алаш» тасжолы бойындағы негізгі нүктелерді қамтып, Ш. Уәлиханов көшесі, Абылай хан, Тәуелсіздік және Әл-Фараби даңғылдары арқылы өтеді. Сонымен қатар жаңа рейс Бухар жырау көшесінің толық бойын көлікпен қамтамасыз етеді.
Қозғалыс сызбасын жарияланған екінші схема мен Avtobys мобильді қосымшасынан көруге болады.