Иран президенті ел астанасын Тегераннан көшіруді ұсынды

Бүгін, 10:18 / Алуа Арман
Фото: Anadolu

Иран Президенті Масуд Пезешкиан Тегеранда халық санының көбеюі және су тапшылығы себепті ел астанасын көшіру мәселесін қарауды ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бізде таңдау жоқ. Бұл — қажеттілік", — деді Пезешкиан. Ол халық санының өсуі жалғаса берсе, Тегеран тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мүмкін болмайтынын атап өтті.

Президент су тапшылығы тек астанаға ғана емес, елдің бірқатар өзге провинцияларына да қатысты проблема екенін баса айтты.

Жергілікті метеоқызметтердің мәліметінше, соңғы бес жылда Иранда жауын-шашын көлемі тұрақты түрде азайып келеді. Биыл Тегеранда жауын-шашын норманың тек 60%-ын ғана құрап, су тапшылығын одан әрі ушықтырып отыр.

Тэгтер:

иран Тегеран