Жетісайда өрттен зардап шеккен екінші адам Шымкентке жеткізілді

Бүгін, 09:37 / Алуа Арман

«Қазавиақұтқару» қызметі Жетісай ауданынан Шымкентке санитарлық рейс жасады. Бортта 1990 жылы туған әйел болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Пациент Шымкенттегі Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Себебі бұл мамандандырылған орталық Шымкентте орналасқан, ал Жетісай ауданында жедел көмек көрсетуге қажетті жабдық жоқ болғандықтан, зардап шегушіні шұғыл тасымалдау қажеттілігі туындады, — деп хабарлады ведомство.

Экипаж барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып санитарлық рейсті орындады. Қонғаннан кейін зардап шегуші арнайы медициналық мамандардың қарауына тапсырылды.

Алдыңғы күні санитарлық бортпен Шымкентке 1986 жылы туған ер адам да жеткізілген.

Тэгтер:

өрт Жетісай