Қазақстандық жеңіл атлет Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды

Бүгін, 06:24 / Нұрлан Әлинұр
Спорт комитеті

Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз жетісайыста үшінші нәтиже көрсетті.

Конищева барлық жеті бағдарлама қорытындысы бойынша 5270 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

5562 ұпай жинаған Иран өкілі Фатеме Мохитизаде алтын медаль алса, 5488 ұпай жинаған Өзбекстан спортшысы Угилой Норбоева күміске қол жеткізді.