Нұрбек Мұрсал бокстан Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

20 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогінің ақтық кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Боксшы 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.

Нұрбек шешуші жекпе-жекте үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мұрсал Әлем кубогін күміс медальмен аяқтады.

Тэгтер:

бокс Нұрбек Мұрсал