Хоккейден биылғы Азия чемпионаты Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандастарымыз алғашқы кездесуінде Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен жеңді.
Ойында Иван Степаненко хет-трик жасаса, ұлттық құрама капитаны Роман Старченко шайба соғып көзге түсті.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 22 қараша күні алаң иелеріне қарсы өткізеді.