Меруерт Түсіпбаеваның әкесі өмірден өтті

Бүгін, 19:52 / Өтей Торғайұлы

Бұл жайында әншінің өзі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Әкем фәни жалғаннан озды …Әдетте, "88 жас деген— той ғой" деп жұбатады жақындар. Осы сөздермен іштей келісіп, шүкір еткенмен, мәңгілікке қоштасу неткен қиын… Әкем мені, төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді. Балғабай Тусупбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс, өнерлі жан болатын. Рухыңыз пейіште шалқысын, әке…", - деп жазды. М. Түсіпбаева.

Тэгтер:

әнші әке Меруерт Түсіпбаева