Қытайдың Чжэцзян провинциясында өткен экстремалды өмір сүру сайысында 25 жастағы Чжао Тэцжу есімді қатысушы 35 күн бойы аралда жалғыз қалып, тек табиғи жолмен азық тауып өмір сүрген. Ол өз еркімен қатысқан байқау барысында 50-ге жуық егеуқұйрық жеп, 14 келіге арықтап шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Чжаоның айтуынша, ол «тірі қалу диетасында» тек теңіз шаяндары, ұлулар, крабтар және егеуқұйрықтармен қоректенген. Егеуқұйрық дәмді екен деп әзілдеген ол, кейбірін кептіріп, кейін жейтінін де айтқан.
Эксперимент 1 қазанда басталып, 5 қарашада аяқталған. Сол уақыт ішінде Чжао күннің аптабынан күйіп, жәндіктердің шағуына ұшырап, жарақат алғанына қарамастан, жарысты соңына дейін жалғастырған. Ол өз ерлігі үшін 7 500 юань (шамамен 425 мың теңге) сыйақы алып, қола жүлдегер атанды.
Чжао жарыстан кейін журналистерге:
«Мен бар мақсатыма жеттім. Енді тек өз төсегімде ұйықтағым келеді», деп қысқа қайырды.
Аралда жарыс әлі жалғасып жатыр: екі ер адам бас жүлде үшін (50 000 юань) күресуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сынақтар медициналық бақылаусыз қауіпті, сондықтан оларды өз бетінше қайталау қатаң тыйым салынған.