Қартаюды жылдамдатып, өмір ұзақтығын қысқартатын тағамдар белгілі болды

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

The Lancet журналында жарияланған халықаралық зерттеуге сәйкес, ультраөңделген тағамдар (Ultra-Processed Foods, UPF) яғни чипсы, газдалған сусын, тез дайындалатын лапша, шұжық, бургер, печенье және шоколад сияқты өнімдер қартаюды жылдамдатып, өмір ұзақтығын қысқартуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, мұндай тағамдар бүгінде балалар мен ересектердің рационынан табиғи өнімдерді ығыстырып барады. Зерттеушілердің айтуынша, олардың құрамындағы дәм күшейткіштер, консерванттар және эмульгаторлар ағзадағы қабыну процестерін күшейтіп, семіздік, 2-типті диабет, жүрек аурулары және депрессия қаупін арттырады.

Бүгінде Ұлыбритания мен АҚШ тұрғындарының тамақтану рационының жартысынан астамы дәл осы өнімдерден тұрады, ал кейбір әлеуметтік әлсіз топтарда бұл үлес 80%-ға дейін жеткен.

Зерттеу авторларының бірі, Сан-Паулу университетінің профессоры Карлос Монтейро былай дейді:

«Адам ағзасы мұндай тағамдарға биологиялық тұрғыдан бейімделмеген. Ультраөңделген өнімдер барлық негізгі мүшелерге зиян тигізеді».

Монтейроның пікірінше, бұл өнімдердің таралуы ірі корпорациялардың маркетинг қысымымен және саяси лоббимен байланысты.

Ғалымдар темекіге қарсы күрес үлгісін қолдануды ұсынды:
– өнім қаптамаларына трансмайлар мен зиянды қоспалар бары туралы белгі қою;
– жарнамаға шектеу қою;
– мектептер мен ауруханаларда мұндай өнімдердің сатылуын шектеу;

Тэгтер:

өмір ұзақтығы қартаю