Рамазан Құсайынов джиу-джитсудан Ислам ойындарында күміс жүлде алды

Бүгін, 17:00 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

94 келіге дейінгі салмақта Рамазан Кусаинов екінші орын алды.

Құсайынов ақтық сында Омар Надаға (Сауд Арабиясы) жол берді.

Айта кетейік, құраманың еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Мариан Журавлева мен Алдияр Серік алтыннан алқа таққан еді.