Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшемді бағамы 518,19 теңгені құрап, 0,98 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің 20 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 519,41 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 518,85 теңге, сату бағамы – 520,68 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 516,53 теңгеден сатып алынып, 523,53 теңгеден сатылуда. Шымкентте долларды орташа есеппен 518,45 теңгеге сатып алып, 520,57 теңгеге сатуда.
Еске салайық, 17 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 1,37 теңгеге өскен, 18 қарашада 2,63 теңгеге, 19 қарашада 1,47 теңгеге төмендеген еді.