Атамбаев еңбек мигранттарын депортациялауда либералды жолды қолдануды ұсынды

Алмазбек Атамбаев майда әкімшілік құқық бұзғаны үшін еңбек мигранттарын депортациялау мәселесінде либералды жолды қолдануға шақырды. Қырғыз президенті бұл мәлімдемесін Бішкекте өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтқан.

Ол ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшыларын «ортақ нарық еңбегін белсенді құруға» шақырды. «ЕАЭО елдерінде жұмыс істеп жүрген отбасы мүшелерін зейнетақымен қамтамасыз ету жұмысын аяқтауға тиіспіз. Өкінішке қарай, біз жұмыс іздеу үшін кетіп жатқан ел ретінде, майда әкімшілік құқық бұзғаны үшін еңбек мигранттарын депортациялау кезінде либералды жолды ұсынғанын қалаймыз», – деп атап өтті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан басшысы елдер үшін ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту маңызды екенін айтты. Ол Ресей және Қазақстан басшыларын ветеринарлы, санитарлы, фитосанитарлы бақылауға қатысты қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғысын жеткізіп, кедендерде барлық кедергілер жойылады деп үміттенетінін айтты.

Соңында Алмазбек Атамбаев Одақ ішінде жалпы электр энергетикалық нарық құру маңызды екенін, ол үшін қаржы инфрақұрылым ресурстарын анықтау қажеттігін көтерді.

Back to top button