Балуан Ирина Казюлина Ислам ойындарының финалына шықты

Бүгін, 14:47 / Алуа Арман

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Казюлина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

1/4 финалда 68 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Түркия спортшысы Несрин Башты жеңді.

Айта кетейік, Баш биылғы әлем чемпионатында күміс медальға ие болған еді.

Жартылай финалда Казюлина Өзбекстан балуаны Светлана Окназаровамен белдеседі.

Тэгтер:

Балуан финал