Зайсан мен Қатонқарағай әуежайлары алдағы көктемде ашылуы мүмкін

Бүгін, 14:30 / Алуа Арман

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, Зайсанда әуежай құрылысы 60%, ал Катонқарағайда 55% аяқталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұшып-қону жолақтары салынды, қазір перрон, аэровокзалдардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін бұл құрылыс жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, «ҚазАэроНавигация» қажетті жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізуде.

«Келесі туристік маусымның басында әуежайлар алғашқы ұшақтарды қабылдайды деп ойлаймын, сәуір-мамыр айларынан бастап», – деді әкім ОКҚ алаңында.

Тэгтер:

Қатонқарағай Зайсан Нұрымбет Сақтағанов