Футболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Азамат Тұяқбаев ұлтына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Мен – қазақпын. Әкем – қазақ, анам – неміс. Отбасымда бәрі қазақша түсінеді. Бірақ көп сөйлей алмайды. Таразда, аулада балалармен жүріп үйрендік. Командамен де көбінесе қазақша сөйлесеміз", – дейді ойыншы.
Сондай-ақ спортшы алдағы мақсаттары туралы айтты.
"Жақында команда капитаны болдым. Бұл – үлкен жауапкершілік. Жігіттер маған сенді.
Негізі арманым – Барселонада ойнау. Қазір Еуропаға кетіп қалсам екен деп ойлаймын. Екінші лига болса да қарсы емеспін. Себебі ол жақта өсесің", – деді ол Аслан Қаженовке берген сұхбатында.