«Қазавиақұтқару» қызметінің EC 145 тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс жасап, өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды шұғыл түрде Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, авиамедициналық эвакуацияның қажеттілігі Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсетуге арналған арнайы жабдықтардың шектеулі болуымен байланысты. Ал Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқан.
Тікұшақ науқасты гипербариялық оксигенация орталығына сәтті жеткізді. Қону орындалғаннан кейін зардап шеккен адам әрі қарайғы емделуі мен бақылауы үшін дәрігерлерге тапсырылды.