Теннисші Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Бүгін, 12:00 / Алуа Арман
olympic.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Дияс Жапонияның Такасаки қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз Оңтүстік Корея спортшысы Со Хён Пакты екі сетте де ұтты. Кездесу 6:4, 7:6 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Дияс жапониялық Химено Сакацумемен кездеседі.

Тэгтер:

Турнир теннис ширек финал Зарина Диас