Қосшыда ет дүкені өртенді

Бүгін, 10:40 / Алуа Арман
ТЖМ

20 қараша күні Қосшы қаласында ет дүкені ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 6 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Ғимараттың жалпы ауданы — 300 шаршы метр. Өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп мәлімдеді өңірлік ТЖД-ның ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Ведомство өкілдері өрттің себебі анықталып жатқанын қосты.

Құтқарушылар акмолалықтарды және облыс қонақтарын тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тағы да шақырды.

Тэгтер:

өрт Қосшы ет дүкені