Астанада 700 студенттің қатысуымен «Еңбек адамы» әніне бейнебаян түсірілді

Бүгін, 09:56 / Інжу Әлихан

Астанада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Сервис және туризм колледжінің 700 студенттерден құрылған хор және Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі Арайлым Рахым ерекше әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, колледждің гимніне айналған «Еңбек адамы» әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әннің сөзін Қуат Ежембек, ал музыкасын Арман Қуандық жазған.

Жобаның мақсаты – жастар арасында еңбек адамының идеологиясын ұлықтау, еңбекқорлық пен кәсіптік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын насихаттау.