2025 жылдың 19 қарашасында Астана уақытымен 23:45-те (Гринвич бойынша 18:45) Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі 43,60° солтүстік ендік және 89,36° шығыс бойлық координаталары бойынша орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы mb = 4,4, ал энергетикалық класы K = 11 деп бағаланады.
Ошағының тереңдігі – 10 шақырым.
Мүмкін болған қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланбады. Өңірдегі сейсмикалық белсенділікке мониторинг жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қырғызстанда жер сілкінісі болған еді.