Жаңаөзендегі оқу орындары уақытша онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұндай қадамға тұмаудың өршіп кетуі себеп болып отыр.
«Маңғыстау облысында 20 524 бала тұмаумен ауырып жатыр. Жаңаөзенде 8 099 оқушы (23 мектептегі 366 сынып) қашықтан оқуға көшті. Қалған аудандар мен Ақтауда оқу дәстүрлі форматта жалғасуда. Барлық білім беру мекемелерінде бұқаралық шаралар шектеліп, мектеп ғимараттарында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді», – деп мәлімдеді өңірдің білім басқармасы.
Аймақта барлығы 216 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (159 күндізгі, 3 кешкі, 54 жекеменшік), оқушылардың жалпы саны – 193 156, оның ішінде күндізгі бөлімде – 175 850 бала білім алады.