Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлде иеленді

19 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.

Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.

Тэгтер:

спорт Семсерлесу