«Көре алмай бара жатыр»: Абай Бегейдің әйелі жұрттың сынына жауап берді

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әнші Абай Бегейдің екінші әйелі Фариза әлеуметтік желіде өзіне айтылған сынға ашық жауап берді, деп жазады turkystan.kz. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның құдағиынан сыйлыққа құндыз тон алғанын сынап, түрлі пікір жазған. Бұл пікірлерге Фариза өзінше жауап қатты.

"Сыйлыққа шуба алдым деп басым дауға қалды ғой. Әй, әйелдер-ай, әйелдер… Не болды соншама!? Көре алмай жеп бара жатырсыңдар. Мүмкін болса, әр әйел он-оннан шуба кисін — бәрі лайықты. Мені жамандап болып, енді құдағиыма тиістіңдер мақтаншақ деп", – деп жазды ол.